жаңалықтар

Босану қызметінің жұмысын талдауға арналған жиын

Босану қызметінің жұмысын талдауға арналған жиын

Жетісу өңірінде маңызды оқиға – акушерлік қызметтің 2023 жылдың 9 айындағы жұмысын талдауға арналған жиын өтті.
Іс-шара осы бағыттағы куратор, ҰКАgIP ғылыми кеңесшісі, ғылыми кеңестің төрайымы, медицина ғылымдарының докторы және профессор Лаура Саясатқызы Каюпованың белсенді қатысуымен өтті.
Іс-шараның маңызды тұстарының бірі – болашақ аналар мен олардың балаларының денсаулығын сақтау мәселелерін айта отырып, перзентхана қызметінің жұмысына талдау жасалды. Ана мен бала денсаулығын қорғау басқармасы басшысының орынбасары Нұрмамбетова Жанетта Марижанқызы талдау жасады.
Босану қызметін дамытудың стратегиялық бағыттары белгіленіп, Жетісу өңіріндегі болашақ аналар мен олардың балаларына медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға бағытталған алдағы қадамдар келісілді.
Жиынға орталық аудандық ауруханалардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жиналып, жиын барысында өңірдегі акушерлік қызметтің сапасын арттыруға бағытталған негізгі міндеттер мен басқарушылық шешімдер белгіленді.
Бұл іс-шара республикамызда дені сау ұрпақтың дүниеге келуіне қолайлы жағдай туғызып, акушерлік және гинекология саласындағы мамандар арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңыздылығын көрсетеді.
Made on
Tilda