жаңалықтар

АТЫС КЕЗІНДЕ ЖАРАЛАНҒАН 8 АДАМ АЛМАТЫ КЛИНИКАЛАРЫНА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ

Атыс кезінде жараланған 8 адам Алматы клиникаларына жатқызылды

Алматы денсаулық сақтау басқармасының 17:00-дегі мәліметінше, бүгін таңертең мегаполисте болған қақтығыс салдарынан зардап шеккен 8 адам қалада емделіп жатыр.
Бес адам жедел жәрдем ауруханасына, 2 адам орталық қалалық клиникалық ауруханаға, 1 адам Ұлттық хирургия орталығына жатқызылды.
Науқастардың жағдайы ауыр деп бағалануда. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген. Емханалар дәрі-дәрмекпен жеткілікті қамтамасыз етілген. Республикалық санитарлық авиация орталығы әзірлік режимінде.
2024-04-29 14:49