«Медициналық мекемеде мемлекеттік тілде құжаттама жүргізу»
2023 жылғы 06 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» акционерлік қоғамында денсаулық сақтау жүйесінде тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында «Медициналық мекемеде мемлекеттік тілде құжаттама жүргізу» тақырыбында өтетін дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді ZOOM платформасында Денсаулық сақтау министрлігі Тіл саясаты басқармасының басшысы Алдонгарова Айжан Ануарбекқызы ашты.
«Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары Ардақ Еслямқызы Әубәкірова, Персоналды басқару қызметінің басшысы Сәния Қалижанқызы құттықтау тілектерін білдірді.
Медициналық мекемеде мемлекеттік тілде құжаттама жүргізу сапасын арттыруға, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған өзекті мәселелерді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басшылығы, республикалық және қалалық медициналық мекемелердің кадрлар бөлімінің инспекторлары және мемлекеттік тіл мамандары бірлесе отырып талқылады.
ҚР ДСМ Терминология комиссиясының мүшесі, сарапшы маман Мыржықбаева Анар Бейсенқызы, Алматы қ. ҚДБ «Алау» оңалту орталығының директоры Шегебаева Мая Төлешқызы, Қалалық ревмотология орталығы кадрлар бөлімінің басшысы Әміржанова Айтбүбі Рахымқызы, «Алау» оңалту орталығының маманы Ахметова Қарлыға Қапизқызы баяндама оқып, мамандарға қажетті ақпарат берілді.
Медициналық терминология саласының маманы, профессор, ф.ғ.к., ардагер ұстаз, тіл жаншыры Ақыжанова Ақмаржан Тәсібекқызы мемлекеттік тілге байланысты өз ойын білдіріп, мемлекеттік тілді дамыту барысына қолдау көрсетіп отыратын Денсаулық сақтау министрлігінің Аппарат басшысы Батырбек Сұлтанұлы Әбділдинге, осындай ауқымды іс- шаралар өткізу бастамасын көтеріп жүрген Алдонгарова Айжан Ануарбекқызына алғысын білдірді.
Дөңгелек үстел барысында қызу пікірталас болды, мамандар көкейтесті мәселелерін ортаға салып, өз ойларын айтты, тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар медициналық мекемелерде мемлекеттік тілде құжат жүргізуге қатысты өздеріне қажет пайдалы ақпарат алып, іс-шараны ұйымдастырушы Әлия Жеңісқызы Қанапияноваға ризашылықтарын білдірді.
Дөңгелек үстел соңында Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының басшылығы іс-шараға белсене атсалысқандарға, мазмұнды өтуіне ықпал еткен баяндамашыларға мекеме басшысы Гүлфайруз Галимовна Уразбаеваның атынан Алғыс хат табыс етті. Барлық қатысушыларға сертификат берілді.